Еуроаймақта инфляцияның рекордты көрсеткіші тіркелді

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Еуростат мәліметінше, шілде айында еуро аймағындағы 19 мемлекетте инфляция жылдық мәнде рекордты көрсеткішке – 8,9% жетті. ҚазАқпарат бұл туралы Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл статистика жүргізіле бастаған 1997 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Энергия тасымалдаушыларға баға – 39,7%, азық-түлікке – 9,8%, өзге тауарларға 4,5% қымбаттады.


Фото: ru.euronews.com

Соңғы жаңалықтар