Еуроаумақта инфляция рекордтық деңгейге жетті

Фото: None
БРЮССЕЛЬ. ТАСС- ҚазАқпарат – Еуроаумақта маусым айында жылдық көрсеткішпен алғанда инфляция 8,6%-дан 8,9%-,а дейін артып, жаңа рекорд орнатты.

Бұл туралы мәліметтерді бейсенбі күні еуропалық статистика агенттігі – Еуростат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Өткен жылдың шілде айынан бері еуроаумақтағы жылдық инфляция көрсеткіші 2,16%-ды құраған. Бұл көрсеткіш 3,5 еседен артық өсті.

Агенттіктің хабарлауынша, айлық есеппен алғанда инфляция маусымда 0,8%-ға көтерілген соң, шілдеді 0,1%-ға өсті.

Еуростаттың нақтылауынша, инфляция деңгейінің жоғары болуының басты себебі энергия түрлеріне деген бағаның өсуі. Бұл көрсеткіш жылдық өсіммен алғанда өткен айда 42%-ға өскеннен кейін 39,7%-ды құрады.

Азық-түлік, алкоголь мен темекі өнімдерінің құны өткен жылдың мамыр айында 8,9%-ке өссе, биылғы жылдың маусым айында ол 9,8%-ке артты, өнеркәсіп өнімдерінің өсімі өткен жылы 4,3% болса, биыл 4,5%--ды құрады. Көрсетілетін қызметтер құны 3,4%-дан 3,7%-ға дейін өсті.

Инфляция еуроаумақта өткен жылдың тамыз айында, яғни Еуроодақта энергетикалық дағдарыс басталған кезде қарқын алды.

Содан бері инфляцияны ауыздықтау мүмкін болмай отыр, өсім ай сайын артуда. 2021 жылдың тамызында өсім 2,96%-ды құраса, 2022 жылдың ақпан айында ол 5,87%-ға жетті. Ал Ресеймен санкциялық соғыстан кейін, яғни наурыз айынан кейін 7,44% деңгейіне жетті. Соған қарамастан Еуропа Орталық банкі еуроаумақтағы инфляцияның деңгейі жылына 2% болады деген болжам жасап отыр.


Соңғы жаңалықтар