Еуро алғаш рет 78,6 рубльге жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ішкі валюталық нарықта рубльдің жаңа құлауы орын алды: дүйсенбі күні кешке доллардың көрсеткіші 63 рубльден асты, еуро - 78,6 рубль болды.

Осылайша, доллар Мәскеу биржасында жұмаға қарағанда шамамен бес рубльге, еуро - 6,4 рубльге қымбаттады. Бұл туралы INTERFAX.RU жазады.

АҚШ доллары Мәскеу биржасында сағат 18:53-те 63,10 рубль болды, бұл алдағы жабылу деңгейінен 4,92 рубльге жоғары. Бұл ретте еуро 78,66 рубль болды, бұл оның 6,38 рубльге өсуін көрсетеді.

Талдаушылардың атап өтуінше, күндіз доллар 61 руб., ал еуро - 76 рубльден асқан кезде Ресей Банкі доллар мен еуроның бағамын локальді түрде 1-1,5 рубльге түсірген валюталық басқыншылықтарды жүзеге асырды.

Алайда олар рубльдің одан әрі құлауын тоқтату үшін жеткіліксіз болды - локальді түзетуден кейін доллар мен еуроның белсенді өсуі жалғасып, сағат 18:53-ке қарай екі валюта да тарихи максимумдарын жаңарта түсті.

Соңғы жаңалықтар