Euro 2024: Максим Самородов Қазақстан және Солтүстік Ирландия кездесуінде алғашқы голды соқты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысындағы Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландия кездесуінде алғашқы голын соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ойынды тамашалауға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы келді.

Сондай-ақ, мәртебелі меймандар қатарында Қазақстан боксының аңызы Геннадий Головкин де бар.

Дәл қазір ойынның алғашқы отыз минуты артта қалды. Алғашқы минуттан қазақстандық футболшылар шабуылға шықты. Нәтижесінде 27-минутта Максим Самородов көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Осылайша әзірге Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен басым түсіп жатыр.

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасы бес кездесу өткізді. Қазақстандық футболшылар Словениядан 1:2 есебімен жеңілсе, Данияны (3:2), Сан-Мариноны (3:0), Солтүстік Ирландияны (1:0) есебімен қапы қалдырды.

Сондай-ақ, бүгін елорда уақытымен 21.50-де қазақстандық футболшылар ойын көрсететін H тобында Финляндия мен Дания кездесуі «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ал 0.45-те Словения мен Солтүстік Ирландия құрамалары жасыл алаңға шығады.


Соңғы жаңалықтар