Euro 2024: Қазақстан футбол құрамасының ойын кестесі анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан құрамасының 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы алғашқы ойынын Словенияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл кездесуді қазақстандық футболшылар 2023 жылдың 23 наурызында өз алаңында өткізеді.

Жеребе бойынша Қазақстан құрамасы H тобына түсті. Қарсыластары – Дания, Финляндия, Словения, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино.

Қазақстанның қатысуымен өтетін ойын күнтізбесі төмендегіше:

23 наурыз, 20:00. Қазақстан - Словения

26 наурыз, 19:00. Қазақстан - Дания

16 маусым, 00:45. Сан-Марино - Қазақстан

19 маусым, 00:45. Солтүстік Ирландия - Қазақстан

7 қыркүйек, 20:00. Қазақстан - Финляндия

10 қыркүйек, 19:00. Қазақстан - Солтүстік Ирландия

14 қазан, 00:45. Дания - Қазақстан

17 қазан, 00:45. Финляндия - Қазақстан

17 қараша, 20:00. Қазақстан - Сан-Марино

20 қараша, 00:45. Словения - Қазақстан

Ойындар уақыты елорда сағаты бойынша белгіленген.

Іріктеу сатысы 2023 жылдың наурызы мен 2024 жылдың 26 наурызы аралығында өтеді.

Айта кетейік, тағы төрт жолдама Ұлттар лигасында өз тобында жеңімпаз болған құрамалар арасында ойналады.

Аталған турнирде С дивизионы үшінші тобында бірінші орын алуған қазақстандық футболшылар 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына берілетін жолдаманы сарапқа салуға мүмкіндік алды.

Құрлықтық доданың финалдық сатысы 2024 жылдың 14 маусым және 14 шілде аралығында Германияда өткізіледі.

Онда барлығы 24 құрама бақ сынайды.


Соңғы жаңалықтар