АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыздың 28-інен 29-на қараған түні футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысы аясында 2-турдың үшінші ойын күні өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл күні A, D, I топтарында екінші тур ойындары өткізіледі.
Негізгі ойынның бірі А тобында Шотландия мен Испания құрамалары арасында болады. Испаниялық футболшылар алғашқы турда өз алаңында Норвегияны 3:0 есебімен тізе бүктірді. Ал Шотлания бірінші турда ойын өткізген жоқ.
Сондай-ақ, аталған топта Грузия - Норвегия құрамалары кездеседі.
Ал D тобында Уэльс - Латвия, Түркия - Хорватия, I тобында Косово - Андорра, Швейцария - Израиль, Румыния - Беларусь құрамалары ойнайды.
Еске салсақ, бұдан бұрын В тобында Франция қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.
Сондай-ақ, 26 наурыза H тобында Қазақстан құрамасы Данияны 3:2 есебімен ұтты.