Еуро-2024 іріктеуіндегі Қазақстан – Сан-Марино матчын қайдан көруге болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Маусымның 16-нан 17-сіне қараған түні Пармадағы «Эннио Тардини» стадионында Еуропа-2024 чемпионаты іріктеу турнирінің матчы өтеді. Онда Қазақстан мен Сан-Марино құрамалары кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Сан-Марино – Қазақстан матчының тікелей көрсетілімі Астана уақытымен сағат 00:35-те басталады. Оны «Qazsport» телеарнасынан көруге болады. Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңін Словениядан жеңіліспен бастады (1:2), содан кейін Дания құрамасын сенсациялық түрде ұтты (3:2). Сан-Марино командасына келетін болсақ, ол Солтүстік Ирландиядан (0:2) және Словения командасынан (0:2) ұтылып қалды. Қазақстан мен Сан-Марино құрамалары 2019 жылы ойнаған болатын. Онда Қазақстан өз алаңында (4:0) және қонақта жеңіске жеткен (3:1).


Соңғы жаңалықтар