Еуро-2024: Франция жеңісті жолын жалғастырды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысы аясында 2-турдың екінші ойын күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Негізгі ойынның бірі В тобындағы Ирландия мен Франция құрамалары арасында болды. Алғашқы турда Франция Нидерландты 4:0 есебімен ойсырата жеңсе, Ирландия ойын өткізген жоқ.

Кездесу барысында қос құрама шабуылға көбірек көңіл бөлді. Ойын тағыдырын 50-минутта франциялық Бенжамен Павар соққан жалғыз гол шешті.

Осылайша Франция қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, өз тобында бірінші орындағы орнын сақтап қалды.

Сондай-ақ аталған топта Нидерланд өз алаңында Гибралтарды 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Ал E тобында Польша құрамасы Албанияны 1:0 есебімен жеңсе, Молдавия мен Чехия 0:0 есебіне қанағат білдірді. F тобында Австрия Эстонияны 2:1, Швеция Әзербайжанды 5:0 жеңіп кетті.

G тобында Венгрия құрамасы Болгариядан 3:0 есебімен басым түссе, Черногория Сербияға 0:2 есебімен жол берді.

Еске салсақ, H тобында 26 наурызда Қазақстан құрамасы өз алаңында Данияны 3:2 есебімен тізе бүктірді.


Соңғы жаңалықтар