Euro-2024: Франция құрамасы Нидерландты ойсырата жеңді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыздың 24-інен 25-іне қараған түні футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысы бірінші турындағы екінші ойын күні өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл күні ойындар В, E, F, G топтарында өткізіледі.

Жанкүйерлер В тобындағы Франция - Нидерланд кездесуіне көз тікті. Әлемдік футболда шеберлігі жоғары бағаланатын құрамалар ойыны ә дегеннен француздар шабуылымен басталды. Нәтижесінде бірінші кезеңде олар қарсыластар қақпасына жауапсыз үш гол соғып үлгерді. Антуан Гризманн - 2, Деотшанкюль Юпамекано - 8, Килиан Мбаппе 22-минуттарда мергендік танытты.

Ал 88-минутта Килиан Мбаппе қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша Франция Нидерландты 4:0 есебімен тізе бүктірді.

Аталған топта Гибралтар өз алаңында Грекия 0:3 есебімен жол берді.

Ал E тобында Чехия Польшаны 3:1 есебімен жеңсе, Молдова - Фарьер аралдары 1:1 есебіне қанағат білдірді.

F тобында Австрия Әзербайжаннан 4:1 есебімен басым түсті, Швеция Бельгиядан 0:3 есебімен жеңіліп қалды.

G тобында Болгария өз алаңында Черногорияға 0:1 есебімен жеңілсе, Сербия Литваны 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Еске салсақ, 23 наурызда Еуропа чемпионатының іріктеу сатысы бірінші турында Қазақстан құрамасы Словенияға жол берді.

Сондай-ақ, сол күні C, H, J топтарында алғашқы тур ойындары өткізілді.

Енді 25 A, D, I топтарында алғашқы тур ойындары болады.


Соңғы жаңалықтар