Еуро-2022: Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының рейтингі төмендеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Еуропа чемпионаты аяқталғаннан кейін әйелдер футболынан ұлттық құрамалардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

АҚШ құрамасы рейтингтің көш басында қалды. Бесіншіден екінші орынға Германия көтерілді. Еуропа чемпионатының жеңімпазы – Англия сегізінші позициядан төртіншіге жоғарылады.

Қазақстан құрамасы 86-дан 89-ға сырғып, Гайана (88) мен Малайзия (90) арасында тұр.

Әйелдер арасындағы еуропа чемпионаты 31 шілдеде аяқталды. Турнир жеңімпазы финалда Германияны жеңген – Англия болды.

ФИФА нұсқасы бойынша құрамалардың жаңартылған рейтингі:

1. АҚШ

2. Германия

3. Швеция

4. Англия

5. Франция

6. Нидерланд

7. Канада

8. Испания

9. Бразилия

10. Корей Халық Демократиялық Республикасы...

89. Қазақстан.


Соңғы жаңалықтар