Еуро-2021 іріктеу кезеңі: Қазақстан жастарының қарсыластары анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Жеребе тарту шарасына 53 құрама команда қатысып, олар тоғыз топқа жіктелді. Соның ішінде сегіз топта алтаудан, ал тоғызыншы топта бес құрама команда бар.

Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы 6-топта Испания, Израиль, Черногория, Македония және Фарер аралдарымен күш сынасады.

Еуро-2021 іріктеу кезеңі 2019 жылдың наурызында басталып, 2020 жылдың қазан айында аяқталады.

Соңғы жаңалықтар