Еуро-2020: Қазақстанның 19 жасқа дейінгі құрамасы іріктеу кезеңінде ойсырай жеңілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Еуропа-2020 чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарсыласы Хорватия жастар құрамасы болды. Матч Хорватия құрамасының жеңісімен аяқталды. Қарсыластар қазақстандықтардың қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Хорватиялықтар сапында Иван Брнич (дубль) пен Марио Чуич доп салды.

Қазақстан U-19 құрамасының келесі қарсыласы – Грузия. Ойын 12 қазанда өтеді.

Хорватия U-19 - Қазақстан U-19 3: 0 (2: 0)

Голдар: Брнич 32, 69-минуттар, Чуйч 36-минут

Ескерту: Гвардиол 66 ­­- Зыкырьянов 3, Герасимов 75

Хорватия U-19: Жігер (В), Юришич, Вускович (К), Гвардиол, Брнич (Купрешак 72), Янкович (Бельо 72), Шарич (Здунич 72), Чуич (Грозница 81), Хрвой, Сучич (Либер 87), Кризманич

Бас бапкер - Йосип Шимунич

Қазақстан U-19: Пузанов (В), Савкив, Жақсылықов, Бауыржан (Митрофанов 77), Иманғазиев (Жарлаев 68), Жұмабек, Зыкырьянов (Сейітов 77), Әжімов (К), Добай (Нұрбай 84), Майдан, Мұхамед (Герасимов) 68)

Бас бапкер - Александр Фамильцев

Қазылар: Хесник, Неску (екеуі де - Румыния), Солои, Богар (екеуі де - Мажарстан)

09.10.2019. Дьер, Венгрия. «Дьирмот» стадионы

Соңғы жаңалықтар