+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Еуро-2020: Қазақстан өз алаңында Кипрден жеңіліп қалды

2019 жылғы 10 қазан 22:00
Бөлісіңіз:
Еуро-2020: Қазақстан өз алаңында Кипрден жеңіліп қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатындағы кезекті ойынында өз алаңында Кипрді қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Қыран» командасының футболшылары 7 айдан бері жалақы алмаған «Тобыл» футболшылары 23 жастағы жігіттің емі үшін жейделерін сатты ҚПЛ: «Астана» жағдайын қиындатып алды

Қос құрама I тобында сынға түседі. Алғашқы алты турдан кейін екеуі де жеті ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші және төртінші орындарда келеді . Сондықтан бүгінгі кездесуде құрамалар жеңіске жету жолын іздейтіні белгілі еді.

Ойынның бірінші кезеңінде қазақстандық футболшылардың басымдығы айқын аңғарылып тұрды. Дегенмен екі құрама да жылдам сгоғып кете алған жоқ.

Алғашқы гол 34-минутта соғылды. Қарсыластар қателігін тиімді пайдаланып кеткен Темірлан Ерланов алаң иелерін алға шығарып кеткен болатын. Ал Кипр құрамасы сапынан Пиерос Сотириу 73-минутта таразы басын теңестіріп кетті. Олар 84-минутта алға шықты. Бұл голды Николас Иоанну соғып кетті. Қазақстан құрамасы осылайша қарсыласынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Сондай-ақ, бүгін I тобында Ресей мен Шотландия, Бельгия мен Сан-Марино ойындары өтеді. Ал 13 қазанда Қазақстан мен Бельгия кездессе, Кипр мен Ресей, Шотландия мен Сан-Марино шеберлік байқасады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT