Еуро-2020: Қазақстан құрамасының қарсыластары қалай ойнады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан 2020 жылғы Еуропа біріншілігі іріктеу кезеңінің I тобының төртінші тур ойынындағы барлық кездесу мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, бүгін Қазақстан құрамасы өз алаңында Сан-Мариноны тізе бүктірді.

Сондай-ақ, Ресей өз алаңында Кипр құрамасын қабылдаан еді. Бұл ойында есеп 38-минутта Алексей Ионов ашты. Бұдан кейін гол соғылған жоқ. Ресей Кипрді 1:0 есебімен жеңді.

Ал топ басында келе жатқан Бельгия құрамасы Шотландияны 3:0 есебімен жеңді. Бельгия сапынан Ромело Лукаку 45 және 57-минуттарда қарсыластарын қапы қалдырды. Ал 92-минутта Кевин Де Брёйне қанжығасын майлап, қорытынды есепті белгіледі.

Төрт турдан кейін бірде-бір ұпайды шашау шығармаған Бельгия құрамасы көш бастап келеді. Одан кейінгі орында 9 ұпаймен Ресей құрамасы тұр. Бүгінгі жеңісінен кейін біздің футболшылар 6 ұпаймен үшінші орынға көтерілді. Дәл осындай ұпай жинаған Шотландия төртінші орынға тұрақтады. Бесінші орындағы Кипрдің 3 ұпайы болса, Сан-Марино әзірге бірде-бір ұпайға қол жеткізген жоқ.

Енді келесі тур ойындары 6 қыркүйекте өткізіледі. Бұл күні Сан-Марино мен Бельгия, Шотландия мен Ресей, Кипр мен Қазақстан құрамалары кездеседі.




Фото: kff.kz

Соңғы жаңалықтар