+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Еуро-2020: Қазақстан құрамасы Бельгияның осал тұсын таба ала ма

2019 жылғы 13 қазан 11:13
Бөлісіңіз:
Еуро-2020: Қазақстан құрамасы Бельгияның осал тұсын таба ала ма

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы 2020 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің I тобындағы кезекті ойынын Бельгия құрамасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жанкүйерлер Бельгия құрамасының әлеуеті қандай екенін жақсы біледі. Құрама сапында қаншама жұлдыз бар. Олардың қатарында қақпашы Тибо Куртуа, қорғаушылар - Ян Вертонген мен Тоби Алдервейрелд, жартылай қорғаушылар - Кевин де Брёйне мен Аксель Витсель, шабуылшылар - Ромело Лукаку мен Эден Азарды айтуға әбден болады. Бұл футболшылар әлемнің үздік құрамаларында ойнайды. Кездесу барысында қарсыластарына көбірек «жұмыс» тауып беріп жатады.

Биылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгия бүгінгі күнге дейін бірде-бір ұпайды шашау шығарған жоқ. Қарсыластар қақпасына барлығы 28 гол соқса, өз қақпасына небәрі бір ғана гол жіберіп алды. Бельгия футболшылары іріктеу кезеңін осы қарқынмен аяқтауды жоспарлап отыр. Оған жетуге жақын тұрған жайы бар. Енді қалған үш кездесуде ұпай жоғалтпаса қажетті ұпайды толықтай қоржынға салады. Айта кетерлігі, олар қазірдің өзінде Еуропа чемпионаты финалдық кезеңіне жолдаманы қалтаға басты. Енді қалған ойындарда ұпай қоржынын толықтыруға күш салатыны анық.

Қазақстан мен Бельгия құрамалары биылғы іріктеуде бір мәрте кездесіп үлгерді. Бельгия астанасы – Брюссель қаласында 8 маусымда өткен ойында алаң иелері Қазақстан құрамасын 3:0 есебімен жеңді. Жалпы, екі команда бұған дейін де бірнеше мәрте шеберлік байқасқан еді. Олардың барлығы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі болатын. Екі құрама алғаш 2006 жылдың 16 тамызында Бельгияда кездесті. Бұл кездесуде жанкүйерлерді таңғалдырған нәтиже тіркелді. Қазақстан құрамасы аталмыш қарсыласымен 0:0 есебімен тең ойнады. 2007 жылдың 12 қыркүйегінде Алматыда өткізілген қарымта ойында екі құрама 2:2 есебіне қанағат білдірді. Осылайша, Бельгия 2008 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу ойындарында Қазақстан құрамасын бірде-бір мәрте жеңе алмаған еді.

Екі құраманың 2012 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде тағы да жолы түйісті. Бұл жолы Бельгия қазақстандық футболшыларды өз алаңында 4:1 есебімен жеңсе, елордада 2:0 есебімен басым түсті.

Бүгінгі кездесу қалай өтеді? Бұл жанкүйерлерді қызықтырып отырған жайы бар. Қазақстандық футболшылар жанкүйерлер күткен нәтижеге қол жеткізе ала ма? Оны ойын барысында бағамдайтын боламыз.

Аталмыш кездесу елорда уақытымен 19.00-де «Астана-Арена» стадионында басталады. Ойын QazSport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетейік, бүгін сондай-ақ I тобында Кипр мен Ресей, Шотландия мен Сан-Марино құрамалары кездеседі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT