Еуро-2020 іріктеу турнирі: Қазақстан Бельгия және Ресеймен бір топқа түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Ирландия астанасы Дублин қаласында футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне жеребе тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан құрамасы I тобына түсті.

Бұл топтың басты фавориті, әрине, 2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Бельгия құрамасы екендігі белгілі. Биыл осы чемпионаттың ширек финалына дейін жеткен Ресей де мықтылардың санатында. Сонымен қатар Шотландия мен Кипр оңай шағылатын жаңғақ емес. Тек 6-себеттен түскен Сан-Марино болмаса, басқаларымен ойнау Қазақстан құрамасына қиынға түсетіні анық.

2020 жылғы Еуропа біріншілігіне әр топтан бірінші, екінші орын алған командалар жолдама алады. Қалған төрт орын Ұлттар лигасы арқылы беріледі.

Алғаш рет Еуропаның 13 қаласында өтетін 2020 жылғы чемпионатқа барлығы 24 команда қатысады. Біріншілік ойындары Лондон, Мюнхен, Баку, Санкт-Петербург, Рим, Копенгаген, Бухарест, Амстердам, Дублин, Бильбао, Будапешт, Брюссел және Глазго қалаларында өтеді. Жартылай финал мен финалдық кездесулер Лондонда болады.

Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі алдағы жылы 21 наурыз күні басталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталатынын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар