+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

Еуро-2020: Финалдық кезеңге жолдама алған 20 құрама белгілі болды

2019 жылғы 20 қараша 10:37
Бөлісіңіз:
Еуро-2020: Финалдық кезеңге жолдама алған 20 құрама белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 19 қараша күні футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу туры мәресіне жетті. Жарыстың финалдық кезеңіне жолдама алған 20 құрама белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Еуро-2020: Қазақстанның 19 жасқа дейінгі құрамасы іріктеу кезеңінде ойсырай жеңілді

Олардың қатарында Англия, Чехия, Украина, Португалия, Германия, Голландия, Швейцария, Дания, Хорватия, Уэльс, Испания, Швеция, Польша, Австрия, Франция, Түркия, Бельгия, Ресей, Италия, Финляндия құрамалары бар.

Аталмыш құрамалар төрт себетке бөлінді. Алғашқысында Италия, Англия, Бельгия, Испания, Украина, Германия, екіншісінде Франция, Польша, Швейцария, Хорватия, Ресей, Голландия, үшіншісінде Португалия, Түркия, Дания, Австрия, Швеция, Чехия, төртіншісінде Финляндия, Уэльс және Ұлттар лигасы плей-офф сатысында озып шыққан 4 құрама орналасқан. Жеребе тарту рәсімі 30 қарашада Румыния астанасы - Бухарест қаласында өткізіледі.

Еуропа чемпионатының финалдық сатысы 2020 жылдың 12 маусымы - 12 шілдесі аралығында өткізіледі. Оған барлығы 24 құрама қатысуға мүмкіндік алады. Аталмыш турнирдің іріктеу сатысында барлығы 10 топтан алғашқы екі орынға ие болған құрамалар жарыстың финалына бірден өтеді. Ал қалған төрт құрама 2020 жылғы 29-31 наурызда Ұлттар лигасы плей-офф сатысында озып шыққан құрамалар арасында анықталады.

Айта кетерлігі, Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі кәріқұрлықтың Әзербайжан, Англия, Венгрия, Германия, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Голландия, Ресей, Румыния және Шотландия мемлекеттеріндегі 12 қалада өткізіледі. Бұл Еуропа чемпионатының алғаш өткізілгеніне 60 жыл толу мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

Еске салайық, кеше Қазақстан құрамасы квалификацияның соңғы турында сырт алаңда Шотландияға 1:3 есебімен жол берді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT