Еуро 20 жылдық мерейтойын атап өтуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ортақ еуропалық валютаның шыққанына 20 жыл толды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еуроньюске сілтеме жасап.

1999 жылы 1 қаңтарда Еуроодақтың 11 елінің арасында қолма қол ақшасыз есеп айырысудың бірлігі ретінде еуро енгізілген болатын. Ал 2002 жылы еурокупюра мен еуромонета аймақтағы елдердің ұлттық валюталарын толық ауыстырды. Қазіргі таңда еуро Еуропаның 19 мемлекетіндегі 340 млн-нан астам азаматтың ортақ валютасы.

Жаңа жылда 500 еуролық купюра айналымнан толық алынып тасталады. Өйткені ең үлкен еуробанкнотаның жойылуына ұйымдасқан қылмыс себепші болып отыр. Криминалистердің пікірінше, мафиялық топтар осы купюраны пайдаланғанды қолайлы санайды.

Еуроодақтың 17 еліндегі осы банкнота қаңтар айында айналымнан алынып тасталса, Германия мен Аустрия купюродан тек сәуір айының соңында бас тартады. Себебі осы екі елде осындай банкнотаның көп бөлігі айналыста.

Соңғы жаңалықтар