Еуразиялық ұлттық университетінің магистранттары тәжірибе алмасу үшін Түркияда болды

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Ыстамбұл университетінің шақыруы бойынша  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті тарих факультетінің магистранттары тәжірибе алмасу және кітапханаларда зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Түркияда болды.

 Қазақстандық магистранттар сондай-ақ Мимар Синан атындағы университетке де барып, тарих бойынша құжаттармен және ғылыми еңбектермен танысу мүмкіндігіне ие болды. Бұдан басқа, олар ү.ж. ақпанда қазақстандық жастарды отансүйгіштік рухында тәрбиелеу, оларды бір-біріне жақындастыру және білім деңгейін көтеру мақсатында ашылған қазақстандық жастардың интеллектуалдық клубы «Сана» ұйымдастырған «Қазақ тарихының теориялық және әдістемелік мәселелері» атты конференцияға қатысты. Іс-шараға Түркияда оқып жүрген студенттер мен қазақ диаспорасының өкілдері де атсалысты.

Қазақстандық магистранттар Ыстамбұл қаласының көрікті жерлерін аралады, атап айтқанда «Топқапы», «Долмабахче» сарайларына, «Сұлтанахмет» және «Аясофия» мешіттеріне барды.

Магистранттар Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Ж.Түймебаевпен, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Д.Қасейіновпен кездесті.

Елшімен кездесу барысында студенттерге үстіміздегі жылы наурызда 20 толған қазақстан-түрік қатынастарының ағымдағы жай-күйі, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы бірлескен жобалардың іске асырылуы туралы ақпарат берілді.

Соңғы жаңалықтар