Еуразиялық интеграция институт заманауи коммуникативтік тенденциялар бойынша тренинг өткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуразиялық интеграция институты 24-25 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жаңғырту жағдайындағы тиімді коммуникациялар» тақырыбында бір күндік тренинг-семинар өткізді. деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семинарда қоғам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас басты тақырып болды.

«Заманауи мемлекет пен қоғамды табысты жаңартуды коммуникацияларды айқын құрусыз елестету мүмкін емес. Бұл жерде қазіргі ақпараттық сын-тегеуріндерге дұрыс жауап қайтару дағдылары, сондай-ақ қоғам мен мемлекет арасында өзара қарым-қатынастар саласындағы өзекті техникаларды, тәжірибелік тәсілдер мен алгоритмдерді білу, имиджді қалыптастыру және ілгерілету, қарым-қатынас жасау психологиясы және көптеген басқа да аспектілер ерекше маңыздылыққа ие болады», делінген хабарламада.

Тренерлер ретінде Жоғары экономика мектебі МВА бағдарламаларының оқытушысы, «Дорогая редакция» заманауи бренд-коммуникациялар агенттігінің ортақ иесі Анна Кан, психология магистрі және қоғам қайраткері, «Қоғамдық аудит» серіктестік платформасының төрағасы, «Серпін» ұлттық білім және инновациялар палатасының төрағасы Мұрат Әбенов сөз сөйледі.

Мемлекеттік, квазимемлекеттік және үкіметтік емес секторлардың өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар заманауи коммуникативтік тенденциялар, стратегиялар және технологиялармен іс жүзінде танысты. Тәжірибелік кейстерді талқылау әлеуметтік және саяси маркетинг, брендинг, бедел менеджменті саласындағы отандық және шетелдік тәжірибенің үйлесімін қамтыды.

Тренинг барысында Мұрат Әбенов тыңдаушыларға азаматтардың, қоғам мен бизнестің әлеуметтік желілерде жұмыс істеу арқылы қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге тартылуын кеңейтуге арналған әртүрлі құралдарды таныстырды.

Анна Кан коммуникативтік стратегиялар әзірлеудің заманауи тәсілдерін көрсетті, ұйымдар, жобалар және олардың жетекшілерінің брендін қалыптастыру және дамыту бойынша бірқатар тәжірибелік кеңес берді. Сондай-ақ, сарапшы аудиторияны қатысушыларға кәсіби қызметте көмек бере алатын, жұрт алдында сөз сөйлеудің психологиялық ерекшеліктері және техникаларымен таныстырды.

Тренингке қатысушылар тақырыптарға қызығушылық танытты және олар алған білімдерін тәжірибеде қолдануға әзір екендіктерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар