Еуразиялық идеология 21 ғасырдағы жаңа сападағы интеграцияға шақырады - Сенат төрағасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаев Еуразия елдері парламенттері спикерлері кеңесінің қорытындысы бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Еуропа және Азия елдері Парламенттері спикерлерінің отырысы аяқталды. Кеңестің күн тәртібі аса маңызды әрі мазмұнды болды. Еркін, мүдделі және тиімді көптарапты үнқатысу өрістеді. Онда, әрине, Парламенттің әрбір басшысы өз пікірінде елінің ұлттық мүдделерін негізге алды. Дегенмен, форумның рухы мен ахуалы бізді нәтижелі үнқатысу ниетіне жеткізіп, бізді бөлмей, біріктіретін тақырыпты табуға, өзара түсіністік нүктелерін іздестіруге тырысты»-деді Сенат төрағасы.

Оның пікірінше, Ресей, Оңтүстік Корея, Түркия, енді Қазақстан Еуропа мен Азия елдері ынтымақтастығының маңызды мәселелерін талқылау үшін тиімді алаңға айналды.

Саммит барлық әріптестерге біркелкі және бейресми сенімді қарым-қатынас жасауға мүмкіндік берді.

«Бұл жерде, Еуразия жүрегіндегі саяси алаңдағы кездесулерде достық рухы қанат жайып, шынайылық пен қуаныш орнады. Осы күндері мен жиырмадан астам екіжақты кездесулер өткіздім. Өткен кездесулер өте маңызды – олар парламенттер басшылары арасындағы сенімді қатынастарды дамытады. Өйткені тең құқықты үнқатысуларда адамдарды толғандыратын мәселелерді шешуге бағытталған жаңа идеялар мен бірлескен жобалар туады»,-деп атап өтті Дариға Назарбаева.

Ол сөзінде осы атқарылған шараның барлығы Еуразия елдері арасындағы сенім мен өзара түсіністіктің нығаюына, бейбітшілік пен өзара тиімді ынтымақтастықтың мүдделеріне жұмыс істейтіндігін атап өтті.

«Менің ойымша, 25 жыл бұрын біздің еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқан идеялар қазіргі кезде әлі де маңызды әрі дамып келеді, көп жағдайда Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үдерістерді айқындады және құрлықтың қазіргі заманғы қалыптасқан геосаяси келбеті мен интеграциялық экономикалық бастамаларға серпін берді. Ол туралы көпшілік менімен келіседі деп ойлаймын. Еуразиялық идея, Назарбаевтың еуразиялық идеологиясы Еуропа мен Азия елдері саясаткерлерінің көптеген буынын 21 ғасырдағы жаңа сападағы интеграцияға шақырып отыр. Үлкен Еуразияның кейінгі онжылдықтағы сипаты қалай болатыны біздің көз алдымызда тұр. Мен бұл Идеяға нық сенемін. Ол оптимизмге толы оң идея. Ол барлық салаларда ерекше сенім мен ынтымақтастық кеңістігін қалыптастырады, Еуразия кеңістігіндегі бейбітшілікке және оның халықтарының өркендеуіне ықпал ететінін болады. Біздің құрлықтың барлық саналы тұрғындарының арманы да осы деп білемін»,-деді спикер.

Сонымен қатар Жоғарғы палатаның төрағасы үлкен Еуразия идеясы өмірдің өзі сияқты мәңгілік және табиғи болып отырғандығын, идея шындыққа айналуы үшін ауқымды әрі тынымсыз жұмыс қажет екенін жеткізді.

«Өткен форум бұл мүмкін екенін көрсетті, яғни солай болады»,-дед ол.

Соңғы жаңалықтар