Еуразиялық электронды еңбек биржасы құрылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың соңына дейін «ЕАЭО мүше мемлекеттердің азаматтарын жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтудың цифрлық экожүйелік моделін әзірлеу» жобасын бастауға арналған құжаттар пакетін дайындау жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

«Жоғарыда аталған электрондық биржалар еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын дамытуға және Еуразиялық экономикалық одақтың мүше мемлекеттерінің азаматтарын жұмысқа орналастыруды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Электрондық құжаттаманы енгізу қажеттілігі жұмыс берушілерді еңбек заңнамасының талаптарын орындауға итермелеп, жұмысшылардың құқықтары мен еңбек көші-қонының сақталуын бақылауға мүмкіндік береді», делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтарда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еуразиялық электрондық еңбек биржасын құру туралы бастама көтерген болатын. ЕАЭО мүше мемлекеттерінің Үкімет басшылары электрондық еңбек биржасының жобасын әзірлеуге келісті.


Соңғы жаңалықтар