05.06.2023 16:28 ЕАЭО азаматтарының кредит тарихына қатысты мәлімет алмасу: Тоқаев заңға қол қойды АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредит тарихының құрамына кіретін мәліметтерді алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. қазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
31.05.2023 08:30 Олжас Құдайберген ЕАЭО қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді АСТАНА. ҚазАқпарат – Jibek Joly телеарнасындағы «Фокус внимания» бағдарламасының эфирінде экономист Олжас Құдайберген ЕАЭО қызметінің негізгі бағыттары туралы сөз қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.05.2023 07:57 ЕАЭО-да елдер дауысқа сала отырып шешім қабылдау механизмі іске қосылды АСТАНА. ҚазАқпарат – Экономикалық зерттеулер институтының басшысы Руслан Сұлтанов экономикалық интеграция аясында шешім қабылдаудың маңызды механизмі іске қосылғанын мәлімдеді. Яғни, егер бір ел қарсы болса шешім қабылданбайды. Бұл туралы ол Jibek Joly телеарнасындағы «Фокус внимания» бағдарламасының эфирінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
29.05.2023 22:16 ЕАЭО аясында интеграцияны ілгерілету үшін кәсіби мәмілегерлер қажет - сарапшы АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтан шығу мәселесін көтеріп жатқан жоқ. Jibek Joly телеарнасының «JJ Talk» бағдарламасына сұхбат берген Қазақстан ғылыми-зерттеулер институтының ғалым хатшысы Әсел Назарбетова осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
29.05.2023 21:57 Қазақстан үшін Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграция қаншалықты тиімді АСТАНА. ҚазАқпарат – Дәл қазіргі жағдайда Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграция біз үшін тиімді. Мұны Jibek Joly телеарнасындағы «JJ Talk» бағдарламасына қатысқан Қазақстан қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Нұрбек Матжани айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
29.05.2023 21:33 Айгүл Құспан Президенттің ЕАЭО-дағы сөзі жайлы: Экономикалық интеграция қажеттігін шебер жеткізді АСТАНА. ҚазАқпарат – Jibek Joly телеарнасының «JJ Talk» бағдарламасында қонақта болған Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Еуразиялық экономикалық одақ кеңесінде сөйлеген сөзіндегі басты месседждерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
29.05.2023 17:00 ЕАЭК отырысында Путин Тоқаевқа беріп жіберген қағазда не жазылған АСТАНА. ҚазАқпарат - Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай 25 мамырда Мәскеуде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында Владимир Путиннің Қасым-Жомарт Тоқаевқа беріп жіберген қағазында не жазылғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
29.05.2023 14:25 Еуразиядағы ынтымақтастық экономикалық бағыт бойынша дамуға тиіс - Президент АСТАНА. ҚазАқпарат – Еуразиядағы ынтымақтастық экономикалық бағыт бойынша дамуға тиіс. Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
29.05.2023 14:22 Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президентінің одақтас мемлекетке кіру туралы ұсынысына пікір білдірді АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенконың айтқан сөзіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26.05.2023 10:18 Қазақстан қандай да бір одақтас мемлекеттер құрамына кіруді жоспарлап отырған жоқ – Руслан Желдібай АСТАНА. ҚазАқпарат - ЕАЭО аясындағы интеграция тек қана экономикалық сипатта ғана жүруі керек. Қазақстан Президентінің негізгі ұстанымы - осы. Бұл туралы Президент әкімшілігі басшысының орынбасары - Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
26.05.2023 01:27 Индонезия Қазақстанда автошиналар өндірісін бастауға ниетті МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Индонезия екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін келешегі мол әлеуетке ие. Бұл туралы Индонезия Экономикалық мәселелер жөніндегі министрінің арнайы кеңесшісі Ризал Аффанди II Еуразиялық экономикалық форумында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26.05.2023 00:55 ЕАЭО аумағында мобильді роуминг алынып тасталады МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Еуразиялық экономикалық комиссия 2024 жылдың соңына дейін ЕАЭО елдерінде мобильді роумингті алып тастау үшін барлық кедергілерді жоюды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
25.05.2023 21:15 Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты АСТАНА. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) Мәскеуде өткен кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
25.05.2023 19:47 ҚР Президенті ЕАЭО-ның өзге халықаралық ұйымдармен әріптестігін нығайтуға шақырды АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында еуразиялық интеграцияның алғашқы 10 жылдығы туралы баяндама әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.05.2023 19:43 Қазақстан Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация орталығы ретінде әрекет етуге дайын – Мемлекет басшысы АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында Қазақстан Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация аясында қай саланы дамытуға мүдделі екенін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.05.2023 19:35 Қазақстан ЕАЭО-ның сенімді логистикалық хабы бола алады – Президент АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Челябі – Болашақ – Иран теміржол магистралімен жүрдек жүк пойыздарын іске қосуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.05.2023 19:19 ҚР Президенті өзге халықаралық ұйымдармен әріптестікті нығайтуға шақырды АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында ЕАЭО-ның өзге халықаралық ұйымдармен әріптестігін нығайтуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.05.2023 19:15 ЕАЭО құрылғалы бері Қазақстанның басқа қатысушы елдермен сауда айналымы 74% өскен АСТАНА. ҚазАқпарат – ЕАЭО құрылғаннан бергі жылдары Қазақстанның басқа қатысушы елдермен сауда айналымы 74%-ға өскен, бұл ретте экспорт 98%-ға артқан. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.05.2023 17:09 ҚР Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25.05.2023 15:34 Мемлекет басшысы Жоғары ЕАЭ кеңесінің отырыстарына қатысу үшін Үлкен Кремль сарайына келді АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдардағы отырыстарына қатысу үшін Үлкен Кремль сарайына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Telegram каналына сілтеме жасап.