Еуразиялық экономикалық одақ өңірде саяси тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтады - О.Анищенко

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақ өңірде саяси тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтып қоймай, әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуға жол ашады. Бұл жөнінде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің филология ғылымдарының докторы, профессор Ольга Анищенко мәлім етті.

Оның пікірінше, біз бүгін елдік дамудың жаңа бір сатысына көтеріліп, әлемдік экономикалық кеңістікке шығуға қол жеткіздік. Елбасымыз 20 жыл бұрын еуразиялық одақ құру жөнінде бастама көтерген. Мұны әлемнің ірі саясаткерлері де қолдап отыр. "Шетелдік саясаткерлердің пікірінше еуразия халықтары бір-бірімен бәсекелес болған емес, қайта жаһандык жетістікке жету үшін өзара мүдделес болып отырғанын көрсетуге болады. Өйткені, бұл халықтардың достығы тарихтың тереңіне кетеді. Сондықтан, осы одаққа қатысушы әр мемлекеттің ұлттық-мемлекеттік мүдделері тең құқылық негізде өрбімекші, бұл өз кезегінде осы кеңістікте өмір сүретін халықтарды экономикалық тұрғыда емес, ұлттық құндылықтары, салт-дәстүр арналары бойынша да жақындастыра түспекші.

Еуразиялық мемлекеттерді интеграциялаудың басты мақсаты - тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту. Өңірді әлеуметтік-экономикалық жаңғырту болып табылады. Демек, осы одаққа кіретін елдердің ұлттық және рухани ынтымақтастығы ізгілік құндылықтарға негізделіп, әлемдік дамудың өркенді бір белесін бағындыру мүддесі екендігі анық", - дейді О.Анищенко.

Соңғы жаңалықтар