Еуразиялық экономикалық одақ құруға қатысты барлық құжаттар 2014 жылдың мамырында мемлекет басшыларының қарауына ұсынылуы тиіс - Н.Назарбаев

None
None
АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақ құруға қатысты барлық құжаттар 2014 жылдың мамырында Мемлекет басшыларының қарауына ұсынылуы тиіс. Бұл туралы бүгін Ақордада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысынан кейінгі бірлескен мәлімдемеде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

Еске сала кетейік, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Украина Президенті Виктор Янукович және Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтар қатысты.

«Бүгін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында аса өзекті мәселелерді, оның ішінде Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік перспективаларын талқыладық. Бұдан бөлек отырыста Еуразиялық экономикалық одақ құрудың жұмыс барысы талқыланды. Бірінші кезекте, интеграцияның негізгі бағыттары туралы шешімдер қабылданды»,-деді Н. Назарбаев.

Президенттің айтуынша, бұл шешім арқылы Еуразиялық экономикалық одақ құруды дамытудың негіздері қаланады. «Біз 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақты іске қосуды жоспарлаймыз. Бұл үшін 2014 жылдың мамырында Мемлекет басшыларының қарауына құжаттар ұсынылуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар