Еуразиялық экономикалық комиссиясында ЕАЭО-дағы бағаның реттелуін енгізу ережелері туралы айтып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда «Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы келісімге сәйкес қазақстандық бизнестің монополияға қарсы реттелуіне жаңалықтар енгізу» атты тренинг-семинар өтті.

Семинарды Еуразиялық экономикалық одақтың қолдауымен «Бәсекелес саясатты дамыту және қорғау» АҚ және «Эксперт Еуразиялық талдау агенттігі» ЖШС ұйымдастырды, деп жазады «Рынок и конкуренция» журналы.

ЕЭК-тың бәсекелес саясат және мемлекетік сатып алулар саласындағы саясат департаменті директорының орынбасары Дәурен Жандарбек семинар қатысушыларына Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім тұрғысындағы бәсекелес саясат, атап айтқанда бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен ережелері, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің аумақтарында тауарлар мен қызмет көрсетулерге мемлекеттік бағаны реттеуді енгізу туралы айтып берді.

ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің тауарлық нарықтарға мемлекеттік баға реттеуін енгізуі айрықша жағдайларда ғана іске асырылады, оған соның ішінде төтенше жағдайлар, табиғи апаттар, ұлттық қауіпсіздік жатады. Бұл егер туындаған проблемаларды бәсекелестік жағдайы үшін азырақ кері әсер тигізе алатын әдіспен шешу мүмкін емес болған жағдайда жасалады. Сондай-ақ Одаққа қатысушы мемлекеттер уақытша амал ретінде мемлекеттік бағалық реттеуді жекелеген аумақтардағы әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарларға бір жылдың ішінде 90 күнтізбелік күннен аспайтын белгілі бір мерзімге енгізе алады. Бұл мерзімді ұзарту Комиссиямен келісіліп жүзеге асырылады», - деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар