Еуразиялық даму банкінен қосымша үлес сатып алу мәселесі қаралып жатыр - Ерұлан Жамаубаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет отырысында Премьер-Министдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанның Еуразиялық банктегі үлесін ұлғайту мәселесі қаралып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұған дейін Қазақстан санкцияларға байланысты Еуразия даму банкіндегі Ресейдің үлесін сатып алатыны туралы ақпарат шыққан болатын. Ондай жоспар бар ма?» - деп сұрады БАҚ өкілі Қаржы министрінен.

«Жалпы ондай мәселе бар, жоққа шығармаймыз. Өйткені шынымен де жұмыс жағдайында талқыланып жатыр. Бірақ түбегейлі шешім жоқ. Бұл жерде қанша үлес ұсынылатынына, өзге елдер, оның ішінде Қазақстан да белгілі бір бөлігін сатып алуға дайын ба дегенге байланысты. Қаржылық тұрғыдан мұның қаншалықты тиімді немесе тиімсіз екеніне де назар аударылады», - деген министр нақты шешім қашан шығатыны белгісіз екенін түсіндірді.

«Әзірге нақты бір мерзімі жоқ. Бір, дегенмен Еуразия даму банкі айтарлықтай орнықты жұмыс істеп тұр. Әзірге аталған банкке санкцияның қатысы күшті болып тұрған жоқ», - деді вице-премьер.


Фото: primeminister.kz



Соңғы жаңалықтар