Еуразиялық банк жеңілдетілген автонесие бағдарламасына өтінім қабылдауды тоқтатты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуразиялық банк жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еуразиялық банкке бүгінде 15 млрд теңге бөлінген болатын. Сол қаржы қазіргі уақытта игерілді. Сондықтан өтінімдерді уақытша қабылдамаймыз. Бірақ, келесі айда екінші транш бөлінген кезде қайтадан қабылдауды бастаймыз. Біздің банкке жалпы 35 млрд теңге қаражат бөлінеді. Оның 15 млрд теңгесі осы апта ішінде клиенттерге несие ретінде беріледі. Яғни, 15 млрд теңгенің өтінімі мақұлданып отыр. Қазіргі уақытта өтінімдерді қабылдамаймыз», - деді Еуразиялық банк директорының орынбасары Берік Сабыржанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, маусым айының басынан бастап Еуразиялық банк жеңілдетілген автонесие бағдарламасына өтінімдер қабылдай бастайды.

Айта кетейік, аталған бағдарлама басталғаннан бері 14 507 өтінім қабылданды. Оның ішінде 4 834 жеке тұлғаға 35,7 млрд теңге мақұлданды. 34 адам көлігін алып үлгерді.

Қазақстандықтар арасында Chevrolet, Hyundai, Kia, Jac, «Лада» көліктері танымалдыққа ие.


Соңғы жаңалықтар