Еуразиялық аймақта көліктік тасымалдау жүйесіндегі жобаларды үйлестіруде ЕҚЫҰ өзіндік үлесін қосуы қажет - Хадсон институты

None
None
анның 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Еуразиялық аймақта көліктік тасымалдау жүйесінде ЕҚЫҰ кейбір жобаларды үйлестіруде көмектессе, пайдалы болар еді.

Бұл туралы бүгін  Астанада өтіп жатқан «Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы: қатерлер мен мүмкіндіктер» атты халықаралық конференцияда Хадсон институтының әскери-саяси талдау орталығының ғылыми аға қызметкері Ричард Уайтс мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Азиялық Даму банкі мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы және басқа да институттар Еуразиялық аймақта көліктік тасымалдау жүйесін дамытуға көмектесу үшін талпынуда. Осы орайда ЕҚЫҰ бұндағы кейбір жобаларды үйлестіруде көмектессе, пайдалы болар еді. Бұл үдерістер бойынша Қазақстан нақты өлшемдерді айқындаса, тиімді болмақ. Яғни, сатып алулар көлемі, кеден мәселесі, тасымалдау шаралары тұрғысындағы мәселелер қамтылса», деді  Р. Уайтс.

 Атап айтқанда, транзиттік дәліз бойынша Қазақстанның мүмкіндіктері маңызды элемент ретінде айқындалып отырғандығына тоқталған ол, «Қазақстан экспорттық әрі капиталы бар елге айналды. Осы орайда сауда-саттық саласындағы және инвестиция тарту тұрғысындағы кедергілерді азайту арқылы Қазақстан мемлекет ретінде  өзінің, сондай-ақ халықаралық қоғамдастықтағы әл-ауқатын арттыра түсер еді», деді.

Соңғы жаңалықтар