Еуразиядағы диалог пен сенім институтын нығайту қажет - Елбасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуразиядағы диалог пен сенім институтын нығайту қажет. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемде байқалып отырған дағдарысты жағдай Еуразиядағы кооперацияның жаңа әдістерін әзірлеуді талап етеді. Ең алдымен, Үлкен Еуразиядағы диалог пен сенім институтын нығайту қажет. 1992 жылы Еуропадағы ЕҚЫҰ-ға ұқсас Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін құруға бастамашылық жасадым», - деп еске алды Елбасы «Астана клуб-2021» отырысында.

ҚР Тұңғыш Президентінің атап өтуінше, өткен жылдардың ішінде ұйым өзінің қажеттілігін дәлелдеп берді.

«Бүгінде бұл форум 27 мемлекетті біріктіреді. Осы уақыттың ішінде АӨІСШК-нің 5 саммиті өтті. Бұған қоса оның беделі де, географиясы да ұлғайып келеді. Осыған орай біздің идеямыз – АӨІСШК-ні Азиядағы қауіпсіздік архитектурасының орталық элементіне айналдыру. АӨІСШК ашық құрылым ретінде Азиядағы жалпықамтымды диалогты жолға қою үшін оңтайлы платформа бола алады деп санаймын. Келер жылы АӨІСШК құрылуының 30 жылдығына орай мерейтойлық саммитін өткізу жоспарланған», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Соңғы жаңалықтар