Еуразия ұлттық университетіне зерттеу университеті мәртебесі берілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ​ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі қаулысымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне зерттеу университеті мәртебесі беріліп, оқу ордасының 2022-2026 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің мәліметінше, ​енді аталған ЖОО ел экономикасының нақты секторына университет ғылымының үлесін арттыруы тиіс.

«Университеттің ғылыми инфрақұрылымын кеңейту аясында Абай облысының Курчатов қаласында орналасқан «Ядролық технологиялар паркі» АҚ ЕҰУ-ға берілді. Бұл Парк мамандарды даярлау, ғалымдардың зерттеулерін жүргізу, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру алаңына айналады. Кәсіпорында студенттерге практикалық дағдыларын жетілдіруге және ғылыми жұмыспен айналысуға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар биыл ЕҰУ QS World University Rankings 2023 халықаралық рейтингінде әлемнің үздік 300 университетінің қатарына еніп, 277-ші орынға ие болды. Соңғы үш жылда университет бұл рейтингіде 141 саты алға жылжыды», - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында министр Саясат Нұрбек.


Фото: enu.kz




Соңғы жаңалықтар