Еуразия ұлттық университетінде Сот билігі залының салтанатты ашылу рәсімі болады

None
None
АСТАНА. Қарашаның 16-сы. ҚазАқпарат. Ертең, қазанның 17-сі күні Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Сот билігі залының салтанатты ашылу рәсімі болады.

Биыл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдасына қол қойып, бекіткен болатын. Осыған орай елімізде сот жүйесін жетілдіру және осы салада кәсіби мамандарды даярлау жұмыстары жаңаша деңгейге көтеріліп, мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындарында аталған мәселелер қызу талқылануда. Еуразия ұлттық университеті бүгінде осы бағыттағы игі бастамалардың көш басында келеді. Себебі мұнда Қазақстанның Құқықтық саясат тұжырымдасын дамыту, жас мамандарды даярлау және сот жүйесін жетілдіру мәселелеріне арналған сан алуан іс-шаралар үнемі өткізіліп келеді. Енді, Астанада өтетін Қазақстан Республикасы судьяларының V Съезі және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отандық сот жүйесін дамыту бойынша берген тапсырмалары аясында Еуразия ұлттық университетінде Сот билігі залы ашылғалы отыр. Бұл жерде университетте оқитын жас заңгер мамандардың теориялық-практикалық тәжірибелерін шыңдау мақсатында сот отырыстарын өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ бұл жерде елімізге белгілі заңгер ғалымдардың дәрістерін ұйымдастыру көзделген. Аталған іс-шараға ҚР Жоғары сотының төрағасы М.Әлімбеков, ҚР Конституциялық кеңесі және тағы басқа мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.

Соңғы жаңалықтар