Еуразия ұлттық университетінде оқытушылардың орташа жалақысы қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта Еуразия ұлттық университетінде жұмыс істейтін оқытушылардың орташа жалақысы 300 мың теңгеге жетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз батыста дамыған университеттердің тәжірибесін ала отырып, ол жақтан мамандарды арнайы шақырта отырып оқытушыларымызға біліктілікті арттыру курсын өткіздік. Оқытушылар 72 сағаттық курсты тегін оқыды. Осылайша, оқытушылардың 74%-ының біліктілігін арттырдық», - дейді Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов.

Оның айтуынша, университетте үшінші телестудия ашылған.

«Видеолекцияға деген сұраныс артып кетті, сол себепті университетте үшінші телестудияны аштық. Үш телестудия күндіз-түні дәріс жазумен айналысып жатыр. Оқытушылар видеолекция жазуға өздері де құштарлық танытып отыр. ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасымен жоғары оқу орнындағы оқытушылардың жалақысы көтерілді. Қазіргі уақытта Еуразия ұлттық университетінде жұмыс істейтін оқытушылардың орташа жалақысы 300 мың теңгеге жетті»,- дейді ол.


Соңғы жаңалықтар