Еуразия ұлттық университетінде әкімшілік соттың көшпелі отырысы өтті

None
None
АСТАНА. Қарашаның 12-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін Еуразия ұлттық университетінде жастар арасындағы құқық бұзушылық, нашақорлық және маскүнемдіктің алдын алу мақсатында прокуратура өкілдері мен студенттердің қатысуымен әкімшілік соттың көшпелі отырысы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қалалық ІІД тіл саясаты және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораздың айтуынша, қарашаның 4-інде полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторы мен аталған білім ордасының жедел жастар отрядының мүшелері 1989 жылы туылған азаматты ұстаған. Тексеру барысында одан есірткі заты - гашиш табылған.

Осы жайтқа орай бүгін өткен соттық талқылау барысында, ұсталған азаматтың бұған дейін де есірткі затын пайдаланғаны анықталды.

«Әкімшілік соттың шешімімен оның кінәсі толығымен мойындалып,  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 320-шы бабымен жауапқа тартылды және 4 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл төлейтін болды», дейді Н.Ораз.

Сот отырысынан кейін жедел жастар отрядының мүшелері ақшалай марапатталып, олардың қатарына қосылған жастарға арнайы куәлік табысталды.

Соңғы жаңалықтар