«Еуразия» сақтандыру компаниясы Үндістанда жоғалып кеткен пилотсыз ұшу аппараты үшін 200 млн. теңге төлемек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Еуразия» сақтандыру компаниясы Үндістанда жоғалып кеткен пилотсыз ұшу аппараты үшін 200 млн. теңге төлемек.

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлім етті. Сақтандыру жағдайын бағалаушылар екі ұшақты қалпына келтіруге үнді валютасымен 70 000 000 рупий жұмсалады деп тапты.

2014 жылдың 16 сәуірінде Үндістан әуе кеңістігінде 2 пилотсыз басқарылатын «Lakshya PTA» ұшу аппараты жоғалып кеткен болатын.

Техниканы сынау кезінде ұшақтардың бірі теңіз жағдайының қиындығына төтеп бере алмай, көзден ғайып болса, екінші аппараттың басқару жүйесі істен шығып, діттеген биіктікке көтеріле алмады. Соның нәтижесінде техника ашық теңізге құлап кеткен болатын.

Қазір мамандар оқиғаның салдарын тексеруде.

Пилотсыз ұшу аппараттары Үндістанның әуе күштерінд 2000 жылдан бері қолданылып келеді. Алғашқы ұшу 1985 жылы өтті.

Соңғы жаңалықтар