Еуразия орталығында транзиттік-логистикалық хаб қалыптасты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағы арқылы жүктерді көліктің барлық түрлерімен транзиттеудің жалпы көлемі 6 пайызға өсіп, 19,2 млн тоннаны құрап отыр. Оның ішінде Қытай-Еуропа бағытында өсім 40 пайызды (171,2 мың конт.) және Еуропа-Қытай бағытында 80 пайызды (139,6 мың конт.) көрсеткен.
2018 жылдың қорытындысы бойынша көліктік қызметтер көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 4,6 пайызға ұлғайған.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде автожол жобаларын ауқымды іске асыру жалғасып келеді. Тәуелсіздік жылдары шамамен 12 мың шақырым жол салынып, қайта жаңғыртылған. 2018 жылы республикалық маңызы бар жолдың 1,5 мың шақырымы жөнделіп, 528 шақырымы қайта жаңғыртудан өткен. Ал осы жылы республикалық маңызы бар жолдың 4,4 мың шақырымы қайтадан қалпына келтірілді. Жобаларға 100 мыңнан астам құрылысшы жұмылдырылып, жылдың соңына дейін ұзақтығы 654 шақырым учаске пайдалануға беріледі.
Өңіраралық инфрақұрылымды жүйелі түрде дамыту бойынша тапсырманы орындау мақсатында өткен жылдан бастап жергілікті жол желілерін жөндеуді қаржыландыру тепе-теңдік негізде 2 есе ұлғайып, 150 млрд теңгеге дейін жеткізілген.
2025 жылға қарай жергілікті жолдардың 85 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда болады деп күтіліп отыр.
Автокөлік жолдарын нормативтік күтіп-ұстауды және сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жүріп өту үшін ақы алу жүйесін енгізу жобаларын іске асыру жалғасын тапты.
Қазіргі уақытта жалпы ұзақтығы 471 шақырым болатын «Алматы-Қорғас», «Алматы-Қапшағай» және «Астана-Теміртау» жолдары ақылы жүйеге көшті.
Екі жыл ішінде ақылы жүйе бойныша тағы 5,5 мың шақырым жолды іске қосу жоспарлануда. Оның есебінен автокөлік жолдарын күтіп-ұстау шығындары анағұрлым азаятын болады.
- Бақытжан Сағынтаев: Келесі жылы Құлжа трактісінің құрылысы басталады
- Сенатта қаржы қызметтеріне қол жеткізуді арттыруға бағытталған заң жобасы қаралды
- Нұр-Сұлтанда әрқайсысы 23 млн теңге тұратын 20 жедел жәрдем көлігі сатып алынды
- Қарағандыда жолаушылар автобустары жаңартылады
-
Шымкентте 52 қызметтік көлік электронды аукцион арқылы сатылған
-
Алматы әуежайында халықаралық рейстер үшін жаңа терминал ашылады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам