+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Еуразия медиа форумы консенсус іздейтін халықаралық платформаға айналды – Қырымбек Көшербаев

2021 жылғы 16 қыркүйек 12:18
Бөлісіңіз:
Еуразия медиа форумы консенсус іздейтін халықаралық платформаға айналды – Қырымбек Көшербаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев XVII Еуразиялық медиа форумның ашылуында сөз сөйледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік хатшы өз сөзінде дәстүрлі форумда көптеген өзекті мәселелер талқыланатынын атап өтті.

«Өткен кезеңде біз ауқымды оқиғалардың куәсі болдық. Әлем өзгерді. Пандемия, жаһандық экономикалық құлдырау, мемлекеттер арасындағы сенімсіздік, әлемнің жетекші державалары арасындағы технологиялық соғыс, этикалық нормалардың өзгеруі және тағы басқалары адамдарды біріктіріп қана қоймай, алуан түрлі көзқарастарға да бөлді. Түрлі пікірлерді талқылап, консенсус іздейтін халықаралық платформаға айналған Еуразиялық медиа форумның миссиясы да осынысымен маңызды. Біз жаңа елорда – Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай құрметті әріптестер мен достарды қарсы алудамыз»,-деді Қырымбек Көшербаев Еуразиялық медиа форумның ашылуы кезінде.

Мемлекеттік хатшы форумның табысты жұмысына елдегі көшбасшылар ерекше мән беретінін атап өтті және форум қатысушыларына табыс пен сындарлы диалог тіледі.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев форумның ашылуына лебіз жолдаған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT