Еуразия экономикалық комиссиясы кеңесінің отырысы 28 мамырда Астанада өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев ықпалдастық мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында 28 мамырда Астанада өту жоспарланған Еуразиялық экономикалық комиссия отырысының күн тәртібі талқыланды.

Сонымен бірге, 29 мамырда Бурабайда өтетін Еуразия үкіметаралық кеңесі мен ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырыстарының күн тәртібі қаралды.

Соңғы жаңалықтар