Еуразия экономика одағының кеңесі шоколад сапасына қойылатын талаптарды бекітті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Онлайн режимде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында қатысушылар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің биржасында бағалы қағаздарды орналастыруға және еркін трансшекаралық рұқсатты айқындайтын, шоколад өндірісіне қойылатын талаптарды күшейтетін бірқатар құжатты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық тарапты Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин басқарды.


ЕЭК-ке мүше мемлекеттерде ұйымдастырылған сауда-саттықта бағалы қағаздарды орналастыруға және айналысқа трансшекаралық рұқсат беру туралы қабылданған келісім ортақ биржалық нарықта бағалы қағаздармен эмиссиялық және сауда операцияларының еркіндігін қамтамасыз етуге, бірыңғай Еуразиялық экономикалық кеңістік мемлекеттерінің биржа нарығының өтімділігінің өсіміне жағдай жасауға бағытталған.


Бұл мәселеге ЕЭК экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі Бақытжан Сағынтаев бастамашылық етті және бұған дейін қазақстандық тарап қолдады.

Сондай-ақ, ЕЭК Кеңесінің шешімімен Кеден одағының «тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне өзгерістер енгізілді.

Бұл тұтынушыларды шоколад өнімдерін сатып алу кезінде жаңылысудан сақтайды.


Атап айтқанда, шоколад өнімдеріне өсімдік майын, шоколад дәмін имитациялайтын хош иістер қолдануға тыйым салатын арнайы талаптар қойылды (бірқатар ерекшеліктер бар).

Шоколад өнімдері мен какао өнімдерінің сәйкестендіру көрсеткіштері ресми түрде енгізілді (ащы, қара, қарапайым, тәтті, сүт және т.б.), какао, какао майы және басқа ингредиенттердің құрғақ қалдықтарының минималды пайызы көрсетілген.

ЕАЭО периметрі елдерінің өндірушілеріне қойылатын бірыңғай талаптардың деректерін міндетті ретінде енгізу және олардың сақталуын бақылау адал бәсекені дамыту үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, отырыста қызметтердің бірыңғай нарығын, мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру, макроэкономикалық саясат, мемлекеттік сатып алулар кезіндегі өзара банктік кепілдіктер, ЕАЭО электр энергиясының жалпы нарығындағы электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру, тауарларды бажсыз әкелу нормаларын өзгертудің орындылығы салаларындағы бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы елдердің мүддесін қозғайтын мәселелер қаралды.


Фото: primeminister.kz


Соңғы жаңалықтар