ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттерде инвестицияларды көтермелеуге қатысты заң жобасы қабылданды

None
None
АСТАНА. Мамырдың 22-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттерде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы»  заң жобасы қабылданды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталмыш құжат осы келісімге қатысушы мемлекеттердің инвесторларына қолайлы жағдай жасау мүмкіндіктерін қарастырады. Бұл шара өз кезегінде келісімге мүше елдер аймағында интеграциялық үдерістерді жетілдіріп, мемлекеттер арасында сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық байланыстардың жетілуіне ықпал етеді.

 Отырыс барысында заң жобасын депутаттар бірауыздан қабылдады.

Соңғы жаңалықтар