+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

«Eurasia Barysy-2014» жарысының жеңімпазы 50 мың АҚШ долларын алады

2014 жылғы 19 қараша 14:39
Бөлісіңіз:

АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 қарашада «Тараз-Арена» Спорт сарайында өтетін «Eurasia Barysy-2014» жарысының жеңімпазы 50 мың АҚШ долларын алады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметінен.

«Биылғы жылы халықаралық жарыстың жүлделік қоры 100 000 долларды құрайды және келесі ретпен үлестіріледі: 1 орынға - 50 мың АҚШ доллары, 2-орынға - 20 000 доллар, 3-орын үшін - 10 000 доллар, 4-орынға - 6 000 доллар, 5-орын үшін - 5 000 доллар, 6-орын - 4 000 доллар, 7-орын - 3 000 доллар, 8-орын - 2 000 доллар.

Қазақ күресінен «Eurasia Barysy» халықарылық жарысына 12 елден келген 60,70, 80, 90, +90 келі категориясындағы 60 палуан жиналады.

Ресей, Қытай, Түркия, Моңғолия, Әзербайжан, Грузия, Украина, Польша, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның үздік спортшылары бақ сынайды.

Eurasia Barysy» екінші жыл қатарынан өткізілуде. Бірінші жарыс та өткен жылдың қарашасында Тараз қаласында өткен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT