«Eurasia Agroholding» және қытайлық COFCO Қазақстанда томат пастасын шығаратын 3 зауыт салмақ

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - «Eurasia Agroholding» компаниясының қазақстандық тобы қытайлық COFCO компаниясымен бірлесіп Батыс Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында томат өндіру бойынша экспортқа бағдарланған зауыт салады. Бұл туралы қазақстандық журналистерге берген сұхбатында «Eurasia Agroholding» атқарушы директоры Серғазы Исембаев хабарлады.

«Біздің компания тобы 52 жобаны қамтитын индустрияландыру және инвестициялар саласындағы қазақстандық-қытайлық ынтымақтастық бағдарламасына енгізілді. Қытайдың ірі, нөмір бірінші COFCO компаниясымен бірлесіп, біз үш облыста томат пастасын өндіретін жобаны жүзеге асырамыз», - деді ол индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-қытайлық бірлескен комиссияның 8-ші отырысында.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта қаржыландыру, жобалау мәселелері шешілді, даму стартегиясы әзірленді. Әр зауыт 1 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
«Биыл біз тәулігіне кемінде 4 мың тонна томат өңдейтін алғашқы зауытты салуға кірісеміз. Келесі жылдан бастап тамшылатып суарумен Қазақстан егістерінде екі мың гектардан астам томат егу жоспарлануда. Қытайға, Еуропа елдеріне жеткізу үшін экологиялық таза өнімдер шығарылатын болады», - деп атап өтті С. Исембаев.

Соңғы жаңалықтар