+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Этносаралық қатынас саласында жаңа мемлекеттік саясат құру керек - Әшімбаев

2020 жылғы 27 ақпан 12:18
Бөлісіңіз:
Этносаралық қатынас саласында жаңа мемлекеттік саясат құру керек - Әшімбаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда этносаралық қатынас саласында жаңа мемлекеттік саясат құру керек. Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Еліміздің көпэтносты болуы - біздің артықшылығымыз және елдің дамуына ықпал ететін стратегиялық ресурс. Бұл – біздің әлсіздігіміз емес, әлі күнге дейін барынша қолдана алмай келе жатқан мүмкіндігіміз. Сондықтан мемлекет, мемлекеттік органдар және Президент Әкімшілігі Қазақстанда тұратын барлық этникалық топтардың дамуына, олардың мәселелерін шешуге қолдау көрсетеді», - деді М.Әшімбаев елордада этносаясаттың өзекті мәселелері туралы дөңгелек үстелде.

Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ тілінің уақыт өте келе еліміздегі ұлтаралық қатынас тіліне айналуы қажеттігі туралы тұжырымдамалық идеясының келешегі зор. Бұл – өте маңызды тезис.

«Этносаралық қатынас саласындағы мемлекеттік саясатқа өте маңызды өзгерістер қажет. Осы салада жұмыс істейтін мемлекеттік органдарың, қоғамдық институттардың жұмысын тексеру керек. Талдау мен тексеру нәтижелері бойынша алдағы кезеңде этносаралық қатынас саласында жаңа мемлекеттік саясат құру керек», - деді Мәулен Әшімбаев.

Бұған дейін Мәулен Әшімбаев Қордай ауданында болған қайғылы оқиға жөнінде пікір білдірген еді. Сондай-ақ, Қазақстанда азаматтарды тіліне, дініне немесе әлеуметтік жағдайына байланысты кемсітуге жол берілмейтінін мәлімдеді .


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT