Этнос өкілдерінің қазақ еліне айтар алғысы айрықша - Роза Пак

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қалалық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак Қазақстан тәуелсіздік жылдары татулық пен келісім формуласын ұқыпты іске асырып, биік белеске жеткенін айтады. Ол осы бағытта жылдар бойы қажырлы жұмыс атқарылғанын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Роза Пактың сөзінше, Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиялары жыл сайын өзіндік ерекшеліктерімен өтеді.
«Бейбітшілік пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғырту» атауымен өтетін биылғы сессияда тақырыбы айтып тұрғандай, әлеуметтік-рухани мәселелерге ерекше назар аударылады деген ойдамын. Ел тұрғындары тыныштық пен қоғамдық келісімнің мәнін ұқты. Өзара сыйластық пен бірліксіз қоғамда береке болмайтынын әрбір қазақстандыққа түсіндіру жолында ауқымды жобалар іске асты»,- дейді Корей этномәдени бірлестігінің төрайымы.
Роза Пактың айтуынша, елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының орны мен абыройы айрықша. Тұңғыш Президентіміздің бастамасымен құрылған бұл институт қазақ жерінде татулық пен келісім идеясының қалыптасып, іске асуына сүбелі үлес қосқан.
«Жүзден астам этнос өкілдерін берекелі шаңырақ маңайына топтастырып, елдің қарыштап өсіп-өркендеуіне септігін тигізді. Этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрін ұстануына, дәріптеуіне жағдай жасады. Осындай байсалды бастамалар үшін қазақстандық этнос өкілдерінің барша қазақ еліне айтар алғысы айрықша. Әр жылғы ҚХА сессияларында сөз сөйлеген азаматтардың ой-пікірлерінен осыны ұғуға болады. Бірлік бар жерде нәтижелі тірлік болатынын бүгінде барша ел ұғынды. Біз осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, берекелі бірлік пен тұғырлы татулық жолын насихаттап, Ассамблея Төрағасы жүктеген абройлы міндеттерді іске асыратын боламыз»,- дейді Роза Пак.
- Шымкент «ТМД елдерінің мәдени астанасы» эстафетасын қабылдап алды
- Шымкентте білім басқармасының шенеунігі жемқорлық үшін сотталды
- Шымкентте екі жасөспірімді көлік қағып, біреуі көз жұмды
- «Қарапайым заттар экономикасы»: Мамин Шымкентте жіп иіру фабрикасын іске қосты
-
Назарбаев этносаралық келісім мен бірліктің сақталуын айқындады - ҚХА
-
Шымкенттік оқушы Елбасы мақаласы негізінде жоба жасады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам