USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Этномәдени және психологиялық өзара байланыс әрбір бөлек ұлтқа аса қажет - Ә.Көкөбаева

2014 жылғы 2 мамыр 00:47
Бөлісіңіз:
Этномәдени және психологиялық өзара байланыс әрбір бөлек ұлтқа аса қажет - Ә.Көкөбаева

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Менің өз басыма жоғары оқу орнының қызметкері ретінде Президенттің мәдени өзара байланысының өзектілігі жөніндегі ойы етене жақын. Этномәдени және психологиялық өзара байланыс бүтін дүниежүзілік қоғамдастыққа және әрбір бөлек ұлтқа аса қажет», - дейді «Көкше» академиясының профессоры, психология ғылымдарының докторы Әсия Көкөбаева.

Оның айтуынша, ҚР Президенті Н.Назарбаев еуразиялық ықпалдастық тақырыбында Мәскеу мемлекеттік университетінің студенттеріне оқыған дәрісі бұл халықаралық деңгейде және біздің жеке, қоғамның өміріндегі маңызды оқиға болып табылады. Мұндағы Елбасының негізгі идеясы еуразиялық интеграцияны құру екені анық. Оның негізгі тұжырымдамасы экономикалық даму және өзара мәдени байланысы, ортақ тарих қағидаттарынан тұрады.

Еуразиялық экономикалық одақ әлемде тұрақтылықты сақтаған кезде, экономикалық өсудің жоғары қарқынына, қоғамның берік дамуына жол ашады. Ал бұл өз кезегінде бүгінгі Қазақстанның жаңғыртудың жолына нық тұрғанының айқын дәлелі болмақ.

Менің өз басыма жоғары оқу орнының қызметкері ретінде Президенттің мәдени өзара байланысының өзектілігі жөніндегі ойы етене жақын. Этномәдени және психологиялық өзара байланыс бүтін дүниежүзілік қоғамдастыққа және әрбір бөлек ұлтқа аса қажет.

«Азаматтық бірлік, этносаралық және конфессияаралық түсіністікпен қамтамасыз ету халықтардың дамуына маңызды жағдай болып табылады»,- дейді Ә.Көкөбаева

«Бұл стратегиялық міндеттер түрлі форумдар кызметінде, Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысында және Қазақстан ұлттық бірлігі Доктринасында жүзеге асырылған.

Әсіресе, білім жүйесінде және жастарды тәрбиелеуде ұлттық бірлікті қамтамасыз етуде ерекше маңызға ие. Бұл мәдениетаралық диалогты дамытуда толеранттылық және келесім құндылықтарына негізделуі тиіс. Біз көптүрлік арқылы бірлікті дамытуда жастарды тектен-тек бағыттап отырған жоқпыз. Біздің республикада қоғамдық келісім және этносаралық төзімділік моделін қалыптастыру және дамыту стратегиясы жасалынған», - деп сөзін қорытты Ә.Көкөбаева.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT