Этномәдени бірлестіктердің жастары қазақ тілі бойынша білімдерін дамытуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 28 маусым мен 2 шілде аралығында Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктердің жас өкілдері үшін қазақ тілін қолдануын кеңейту мақсатында арнайы жазғы оқыту бағдарламаны ұйымдастырды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақпарат министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, еліміздің түкпір — түкпірінен 50-ке жуық бала мен түрлі этностардың жастары Павлодар облысының көркем жері - Баянауыл ұлттық саябағында өткен «ҚХА этномәдени бірлестіктеріне арналған Тіл мектебіне» қатысты.

Мектептің мақсаты - мемлекеттік тілдің этносаралық қарым-қатынас құралы ретінде қолдануына атсалысу.
Осылайша, ұйымдастырылған сабақтарда мемлекеттік тіл туралы жастардың білімдерін шыңдап қана қоймай, сонымен өз этностарының мәдениеті, тарихы, асханасының ерекшеліктерімен таныстыру, жарыс ойындары форматтарында, сондай-ақ Павлодар облысының көрікті жерлерін зерделеу барысында мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік алды.

Жобаға білім беру орталықтарының әдіскерлері, жаттықтырушылары, Достық үйлерінің қызметкерлері, мемлекеттік тілді оқыту әдістемелерінің авторлары, педагогтар мен этнопсихологтар тартылды.
Тілдік мектептің барлық қатысушылары тиісті сертификаттарға ие болды.


Соңғы жаңалықтар