Этномәдени бірлестіктер Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын талқылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың этномәдени бірлестіктері Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында берілген тапсырмаларды талқылап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, сессия кезінде Ассамблея төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықтың барлық механизмдерін тиімді пайдалануды тапсырған болатын. Атап айтқанда, медиация институтын күшейту керек. Бұдан бөлек, меморгандар жанындағы қоғамдық кеңестердің рөлін арттыру қажет. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығы арқылы шетелдік инвесторлармен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуі тиіс. Ассамблеяның атынан Парламентке өткен депутаттық корпустың әлеуетін де барынша пайдаланған жөн.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Нұр-Сұлтан қалалық хатшылығының меңгерушісі Ляззат Құсайынованың айтуынша, бүгінде ұйымның біріктіруші қызметін барынша күшейту шаралары жүргізіліп келеді. Осы орайда Ассамблеяның құрылымдары қолданылады. «Елбасы Ассамблеяның құрылымына кіретін механизмдер мен құралдарды барынша пайдаланып, қоғамды біріктіру шараларына басымдық беруді тапсырған болатын. Ол механизмдердің ішінде қоғамдық келісім кеңестері, ғылыми-сараптамалық топтар, аналар кеңестері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, медиация институты мен қайырымдылық шаралары бар. Мәселен, қазіргі кезде біз этномәдени бірлестіктердің атынан шығатын медиаторлардың санын арттырып жатырмыз. Осылайша, аталған құрылымның қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықты сақтау саласындағы әлеуетін барынша пайдаланып отырмыз», - деді Л.Құсайынова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Соңғы жаңалықтар