Этно-fashion сән фестивалінде 9 жасар дизайнердің еңбектері ұсынылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының сән фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Этно-fashion» Ассамблея сән фестивалі этностық элементтері бар киім үлгілерін насихаттаумен ерекешеленеді.

«Күнделікті киім үлгісіне, сондай-ақ жастардың, кеңсе киімдеріне ұлттық элементтерді қосу арқылы жаңа үлгі қалыптастыруды мақсат еттік. Бірақ бұл бірыңғай киім үлгісін шығару деген сөз емес. Фестиваль қатысушылары Қазақстанның барлық облысынан келіп отыр. Биылғы фестивальде тәжірибелі дизайнерлер қатар жас шеберлер өз бұйымдарын таныстырады. Сондай-ақ кәсіпкерлерді қонаққа шақырып, қатысушылар мен өнерді қолдайтын адамдар арасында өзара диалог құруды көздедік», - деді «Қоғамық келісім» КГУ директоры орынбасары Хадиша Ерсейітова.

Ал фестивалдің ең жас қатысушысы 9 жаста. Ақтөбеден келген Әйгерім Мұратқызы коллекциясын «Балауса» деп атапты. Анасының айтуынша, бұл оның алғашқы қадамы екен.

«Өзім іс тігемін. Дизайнерлік киімдерді тігетін фирмамыз бар. Әйгерім 3 жыл болды кішкентай кезінен сурет салады. Шығармашылыққа жақын болып өсті. Осы жолы Әйгерімнің эскиздерін тігіп шығардық. Бүгінгі жұмыстардың эскизін қызым ұсынған. Оның суреттерін пальтоның алдына, арқасына жүнмен, жіппен өрнектеп салдық. Бүгінгі фестивальге 12 эскиз әкелдік. Ішінде анасы мен қызына арналған 4 киім үлгісі бар», - деді анасы Айнагүл Мәзімова.

Соңғы жаңалықтар