Этна жанартауынан лава атқылап, Сицилиядағы ауылдарды күл мен тас басып қалды

None
None
РИМ. ANSA – ҚазАқпарат – Этна жанартауы атқылап, одан шыққан күл Сицилиядағы іргелес ауылдарды басып қалды. 17 ақпанда басталған лаваның атқылап, күл мен газдың тарауы осымен оныншы рет қайталанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ANSA агенттігіне сілтеме жасап.

Сицилиядағы жақын орналасқан ауылдарға күл мен жанартаудың ұшқыны жетіп, үйлер мен көшелерді басып тастады.

Вулканологтардың айтуынша, күл бұлтының биіктігі 12 мың метрге жеткен.

Италияның оңтүстік-шығысында желдің әсерінен жанартау күлі Катания қаласын басып қалды. Сицилияның шығысында орналасқан әуежай өз жұмысын жалғастыруда.

Вулканикалық тау жыныстары мен тастар Этна тауының оңтүстігіндегі бірнеше қала мен ауылдан, соның ішінде Николоси, Трэктегни, Аки Сан-Антонио және Сан-Грегориодантабылды.

Еске сала кетейік, Этна тауының атқылауы 17 ақпанда Сицилияда болды.

Этна – Италияда, Сицилияның шығыс жағалауында, Мессина мен Катания қалаларына жақын жерде орналасқан қатпарлы вулкан.

Еуропадағы белсенділігі жоғары жанартау.

Ұлттық табиғи тарих музейінің (АҚШ) мәліметі бойынша 2018 жылы Этна теңіз деңгейінен 3295 метр биіктікте болған.


Соңғы жаңалықтар