Ет жүректі елжіреткен бала күнделігі - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА назарларыңызға әдеттегідей шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

***

Ирандағы түріктердің тіл мәселесі - TRT порталы

null 

«Иранда жақында парсы тілін дұрыс сөйлей алмайтын және парсы емес ұлттардың мұғалім болып жұмыс жасауына кедергі болатын ереже жарияланды» деп жазады TRT агенттігі. Осыған орай сайтта Ирандағы түріктердің тіл мәселесіне алаңдаушылық білдірген Ататүрік атындағы Университеттің Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы Доц. Др. Джемил Доғач Ипектің мақаласы жарияланды.

Халықаралық БАҚ-қа жарияланған хабарларға қарағанда, Иран Білім беру министрлігі тарапынан қабылданған ережеде Ч, Г, Ж және Қ секілді парсы әріптерін айта алмайтын және түзетілуі мүмкін емес акценттері бар азаматтар мұғалім, әсіресе парсы тілі мен әдебиеті мұғалімі болуына тыйым салынады.

Аталған әріптерді Иранда тұратын халықтардың арасынан тек түріктер қолданады. Бұл ереже басқа ұлттардан гөрі түріктер мен арабтарға ауыр тиетіні сөзсіз. Сондай-ақ, ережеде бедеу әйелдердің де мұғалімдік қызмет атқаруға болмайтыны айтылған. Иран түріктері және араб текті халықтар осы ережеге наразылық білдіріп отыр. 

Ирандағы түріктер әлеуметтік желіде «Мен түрікпін және менің өз тілім бар» деп жазып, өз пікірлерін білдіруде. Мақалада автор әрі қарай Ирандағы түрік тілінің маңыздылығына тоқталады.

«Мен осы тақырыпта Иран түріктерімен сөйлесіп көрдім. Иран түріктерінің осы мәселеге байланысты көзқарастары екіге бөлінеді. Түріктердің кейбірі шешімге наразылық білдіре отырып, парсының атақты ақындары мен жазушыларының түріктердің арасынан шыққанын атап көрсетеді.  Оған Мәулана Джелаледдин Руми мысал ретінде көрсетіледі. Иран түріктерінің көпшілігі бұл шешімнің өте маңызды еместігін, себебі Иранда тұратын түріктердің негізгі талабы түрік тілінде білім алу екенін атап айтады», деп жазады автор.

Бүгінгі таңда Иран түріктерінің саны 30 миллион. Осылайша олар Ирандағы парсылардан кейінгі ең көп ұлыс. Түріктер әлеуметтік-мәдени құрылым, экономикалық және саяси тұрғыда Иранда маңызды рөл ойнайды

Мақалада автор тарихи деректерді кеңінен келтіре отрып, бүгінгі күні түріктер Иранда саясатта және экономикада беделді тұғырда екендігін жазған. Алайда түрік тілінің ресми тіл болмауы, түрік тілінде оқу мүмкіндігі болмауы сынды себептермен Иран әкімшілігімен проблемалар болып жататындығын алға тартады.

«Ирандағы түріктерді бір елдегі саны аз ұлыс деп қарау мүмкін емес. Себебі шамамен мың жылдан бері Иран территориясының саяси тарихында түріктердің беделді рөлі болды. Парсы мәдениеті мен түрік мәдениеті әрі Иранда,  әрі Иран тысында өзара ықпалдасқан,  араласып кеткен. Осы көне мәдениеттер бір-бірімен жіті араласып, кей жерлерде сіңісіп кеткен.  Иран - басқару дәстүрі бар тәжірибелі мемлекет. Бұл елдің түрік тілінде білім алу және түрік тілінде басылымдарға рұқсат беру секілді халықтың талаптарына оң жауап беруі пайдалы болады. Бұл әрі Иран, әрі аймақтың тұрақтылығы үшін маңызды» деп түйіндейді автор мақаласын.

***

Қазақстанның достық және бейбіт мақсаттағы алғашқы флотилиясы Анзали айлағында тоқтады - «Фарс» ақпарат агенттігі

null 

Иранның «Фарс» ақпарат агенттігі Қазақстанның бейбіт және достық мақсаттағы алғашқы флотилиясы сәрсенбі күні Иранның шекарасына кіріп, Иранның солтүстігінде орналасқан Анзали айлағында тоқтағандығы туралы ақпарат таратты.

Онда Қазақстанның бейбіт әрі достық мақсаттағы "Сары Арқа" және "Орал"  екі әскери кемесінен тұратын алғашқы флотилиясының Иран жағалауына сапарының мақсаты Каспий теңізі жағалауы елдерімен халықаралық ынтымақтастықтарды кеңейту  екендігі айтылған.

«Иранның Солтүстік флот командирімен кездесу, Иранның шәһидтеріне құрмет білдіру, Гилян облысының әкімімен кездесу, осы облыстың тарихи және туристік орталықтарын аралау қазақстандық флотилияның басты бағдарламаларының қатарына енгізілді. Сапар 2017 жылдың 8 сәуірі күнгі Иран флотилиясының Қазақстанға сапарының жауабы ретінде ирандық флотилияның шақыруымен жүзеге асты. Бұл - Каспий теңізі жағалау елдерінің Иранға жасаған достық әрі бейбіт мақсаттағы алтыншы сапары» деп жазады дереккөз.

Осы уақытқа дейін ИИР армиясының стратегиялық теңіз күштерінің Солтүстік флотынан Каспий теңізі жағалауы елдеріне Иранның бейбіт әрі достық жолдауларын жеткізіп, аймақтағы қарым-қатынастар мен тұрақты қауіпсіздікті арттыру мақсатында 5 флотилия барып қайтқан.

***

Баян Өлгей аймағында бүркітшілер фестивалі өтеді - KAZNEWS

null 

Қыркүйектің 30-ы күні және қазанның 1-і күндері Баян Өлгей аймағының Бұғыты сұмыны Саят төбеде Бүркітшілер фестивалі өтеді. Бұл туралыKAZNEWS сайты хабарлады. Аймақтық Қоршаған орта, туризм басқармасының басшысы Д.Айбектің мәлімдеуінше, 18-ші рет ұйымдастырылып отырған аталмыш шараға аймақтың барлық сұмындарынан 100-ге жуық бүркітші қатыспақ. Биылғы бүркітшілер фестивалін көру үшін шетелден 750 турист келеді деп күтілуде.


***

Мор және тез

null 

Қытайдың халық газеті сайтында Рахыметхан Шонайұлының  қазақ тұрмысындағы мор және тез туралы танымдық мақаласы жарық көрді.

Ата-бабамыз әуелі киіз үйді ойлап тауып, кейін үй ағашын басуға қолданылатын мор мен тезді ойлап тапқан болуы мүмкін.

Мақалада автор қазақ қолөнершілерінің ежелден бүгінге дейін жалғасып келе жатқан ерекшеліктеріне тоқтала келіп, өз әкесінің де он саусағынан өнер тамған ұлттық мұрамызды жалғастырушы шебер болғанын және өз атасынан көріп білгенін, соның ішінде мор мен тездің жасалу барсына тоқталады.  

«Кішірек кезімде әкемнің жасағанынан көргем. Есімде қалғаны, морды таулы, орманды жерлерде қарағай, самырсын секілді ағаштардың түбіндегі құрғақ үгінділерден жасаса, ой, жазық ормансыз қыстаулық орындарда малдың көңінен өртеліп жасалатын. Мордың нақты жасалуы төмендегіндей: Жоғарыда айтылғандай мал көңін немесе ағаш түбіндегі үгіндіні белгілі мөлшерде ұзыншақтата үйіп, әр жеріне (қарағайдың шоғын) шоқ салып тұтандырады. Шоқ салынған әлгі құрғақ үйінді жанып, шамамен 70-80 проценті қоламталана бастағанда, басатын үй ағаштың күйіп қалмай дәл бабында былқып жібуі үшін оған су себілген немесе дымқыл көң, үгінді араластырып бабына келтірген соң басылатын үй ағаш яғни, кереге, уықтық ағаш материялдарын морға көміп қойып, межелі уақыттан кейін оларды шетінен кезекпен алып, тезге салып басады. Мордың түтіні мол болып, ауыл аспанынан ертелі-кеш шұбалған көк түтін үзілмейді, соған қарап оны «мор» деп атайтын болуы мүмкін», - деп жазады автор.

null 

Қазақта «тез басында қисық ағаш жатпайді» деген сөз бар. Бұл сөздің өзі тездің мән-маңызын ашып тұрғандай. Халқымыздың тұрмысына етене байланысты тез ұғымы әрқандай бір жанды-жансыз заттағы қыңыр-қисықты, келіспестікті дүзетіп, артығын алып, кемін толықтыратын сын-сарап болып қалыптасқандығы белгілі.

Төменде автор тездің жасалуын былай баяндайды:

«Тез ــ әрқандай ағаштан кертіліп жасалып, берік орнатылып киіз үйдің кереге, уық қатарлы ағашын басып жасауға пайдаланылатын маңызды құрал. Көбінесе маңы көлеңкелеу жұмыс істеуге, дем алуға қолайлы орындарға мор салынып, оның жанына тез орнатылады. Мұнда таулы орманды жерлерде тез болатын ағаштың жуандау келген бір басын жақын жердегі үлкен ағаштың екі аша бұтағына немесе қосарлана өскен ағаштың қоспағына қыстырса, ағаш жоқ орындарда биіктеу тастың қуысына, жапсарына кіргізіп үстін жуан тастармен мықтап бастырады. Тас та, ағашта жоқ жерлерде үш ағаштың басы біріктіріп буып жасалған мосы ағашты жерге мықтап қағып, оның үстіне тез болатын ағаштың жуандау басы мықтап байланып, берік орнатылады да, тез ағашының жіңішкелеу келген енді бір ұшы немесе астына қараған жуан бұтағы жерді қазып кіргізіліп, үй ағаш басу барсында күш келгенде оңай қозғалмайтын, солқылдамайтын етіп барынша берік орнатылады. Тез ағашын орнату барысында кертілетін түстің биіктігі үй ағаш басушы адамның бой биіктігіне қарай салыстырмалы түрде сол адамның мықынына дәл, тура келуі керек. Өйткені үй ағаш басушы адам жұмыс жүргізу барысында мықын күшін көбірек пайдалануға тура келеді».

Мақалада бүгінгі күні ұмыт болып бара жатқан халқымыздың ежелгі өнертабыстары мор мен тездің сызбасы қоса беріліпті.

***

Үрімжіден Алматыға « жаңа жол» ашылды - «Жэньминь жибао» (People Daily)

null 

30 қыркүйектен бастап Үрімжіден Қорғас өткелі арқылы Алматы қаласына қатынайтын халықаралық саяхат пойызы жолға шығады. «Бұл ашылған жаңа бағыт бұрынғы Шыңжаң-Алатау сағасы өткелі арқылы Алматыға баруға қарағанда көп уақыт үнемдейді», деп жазады «Жэньминь жибао» порталы.

«Үрімжі темір жолы таратқан мәліметтеріне қарағанда, Қытай мен Қазақстан темір жол мекемелері өзара келісімге келе отырып,  30  қыркүйектен бастап, Үрімжі - Алматы K9795/K9796 кезекші халықаралық саяхат пойызының Алатау-Достық өткелі арқылы шығу жолын, ҚорғасـАлтынкөл өткелімен ауыстырмақ.

 

Жаңа бағыт іске қосылғанда, Үрімжіден Алматыға қатынайтын пойыздың жолы 1048 шақырымды құрады. Бұл көрсеткіш бұрынғы бағытты 301 шақырымға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Оның үстіне аталмыш бағыт жолаушылардың жолға кететін уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Үрімжіден Алматыға қатынайтын халықаралық саяхат пойызы аптасына 1 рет жүреді. Яғни, сенбі күні Үрімжі оңтүстік бекетінен жолға шығып, жексенбі күні Қорғас-Алтынкөл өткелі арқылы Алматы қаласына жетеді.  Ал, Алматыдан дүйсенбі күні шығып, сейсенбі күні Үрімжіге жетпек.

***

Бала базынасы - Шынжаң газеті

null 

Шынжаң газатінде жарияланған «бала базынасы» атты мақалада автор Жайнагүл Шәріпқызы жұмысбастылық пен той-думаны көп бүгінгі қала өміріндегі баласына жауапсыздықпен қарайтын ата-аналарды сынға алыпты. Ол анасы тойға кетіп, үйде жалғыз қалған баланың жүрек тебірентерлік күнделігін ортаға салады:

«Мен бүгін үйде тағы жалғыз қалдым. Үйде жалғыз отыруға да үйреніп кеттім, өйткені әкем малшылардың малын емдеп үйге қайтпай қалады. Шешемнің досы өте көп, олар анам болмаса қонақ күте алмайтындай шешемді шақырып тоқтатпайды. Анамда олардың бетін қайтармайды. Уақыт болса, менің тамағымды істейді. Үлгере алмаса, көшеден сатып әкеледі де кетеді. Бастабында үйде жалғыз қалғанда қатты қорқатынмын. Қазір қорықпайтын болып кеттім. Түннің бір уағында шешем келеді. Анамның үйге келгенін кейде білемін, кейде ұйықтап қалып білмей қаламын. Кейінірек анамның үйге арақ ішіп келетінін біліп қалдым. Содан кластағы достарымнан ақырын «Анаң арақ іше ме?» деп сұрап көрсем, олардың кейбіреуі: «Әкем ішеді, шешем ұрсады» десе, кейбіреуі: «Екеуі де ішпейді», - дейді. Бір күні анам қонақтан ерте келді. Қуанып анамды құшақтадым. Анам сағыз шайнап алыпты, денесінен арақ пен темекінің иісі шығып тұр. «Ана, арақ ішіп алғансыз ба?» десем, «жоға балам» деді. Бірақ мен білдім, ол арақ ішіп келіпті. «Ана, енді қонаққа бармашы?» дедім. Шешем маған: «Болмайды балам, олар менің жақсы достарым, бармасам ренжиді», - деді. Менің сыныптастарымның да шешелерінің достары бар. Оларға  қонақ келмей ме? Шешелері үйден шықпайды. Олар сабақ аралығында үнемі «шешем тапсырмамды тексерді», «шешем ұрысты» деп жатады. Мен маған ешкім ұрыспайды деймін. Олар маған сенің шешең недеген жақсы дейді. Менің шешем шынымен жақсы ма?. . .»

Күнделік осылай өріледі. Әрбір бала ата-анасының жан жылуына мұқтаж. Балалар қараусыз қалмаса екен.

Соңғы жаңалықтар